Қала билігінен ірі мөлшерде ақша талап еткен телефон лаңкесі ұсталды - Алматы қалалық ІІД

АЛМАТЫ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Алматыда қала билігінен ірі мөлшерде ақша талап еткен телефон лаңкесі ұсталды, деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

18 жастағы қала тұрғыны Алматының Медеу ауданындағы Погодин мен Тюленин көшелерінің бұрышында орналасқан жарылғыш затты іске қосамын деп қоқан-лоқы жасай отырып, қала билігінен 400 мың теңге талап етті. Бұл туралы Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаланы құтқару қызметі» пультіне дабылды қоңырау келіп түскен. Сәйкесінше, бұл факті полицияға хабарланды. Бізге шұғыл сол жерді қоршауға алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоңырау шалған адамды іздестіру жұмыстарын жүргізуге тура келді ", - деп хабарлады Медеу аудандық ІІБ бастығы полиция полковнигі Бақыт Қасабеков.

Сонымен бірге, ТЖ мамандары бір сағаттың ішінде айтылған жерге комиссиялық тексеріс жүргізді. Дегенмен жарылғыш зат туралы ақпарат расталған жоқ. Оның сөзіне қарағанда, қалалық қызметпен Алматының 18 жасар жұмыссыз тұрғыны қалжыңдасқысы келген көрінеді.

Соңғы жаңалықтар