Қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды - Астана әкімі

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жалпы қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды - Астана әкімі

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында елорданың әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«Астананың индустриялық-инновациялық дамуы бойынша жалпы көлемі 87 млрд. теңгеден астам қаржыны құраған 19 инвестициялық жобаның жұмысы жолға қойылды. Осының арқасында қаламызда 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды»,-деді әкім.

И. Тасмағамбетовтің сөзіне қарағанда, жалпы қала бойынша 2013 жылы 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылса, оның 12 мыңы шағын және орта бизнес саласында. Нәтижесінде осы жылы қала қазынасына құйылған салық түсімінің көлемі 600 млрд. теңгені құрады.