13:24, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
Қала ішінде де көліктің артқы орындығында отырған ересектерге қауіпсіздік белдігін тағу міндеттелуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Автокөлікте отырған адамдардың барлығы, тіпті артқы орындықтардағы жолаушылар да қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті.
Бұл туралы бүгін өткен брифинг барысында Астана қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков айтты. «Көлікте отырған адамдардың барлығы қауіпсіздік белдігін тағуы керек деген ереже бұрыннан бар. Бұл заңды да. Қалада болсын, тас жолда болсын қауіпсіздік белдігін тағып отыру әр адамның қауіпсіздігі үшін қажет. Дегенмен қазір қала ішінде көп адамдар бұл ережені сақтай бермейді», - деді басқарма басшысының орынбасары.