«Қала күні» акциясын өткізу қорытындылары бойынша бағалы сыйлықтарды тапсырудың салтанатты рәсімі өтті
ТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде «Қазақтелеком» АҚ-ның (iD Center) көрсету залында «Қала күні» акциясын өткізу қорытындылары бойынша бағалы сыйлықтарды тапсырудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды баспасөз орталығы.
«Астанателеком» ҚТО астаналықтар арасында бағалы сыйларды ұтысқа салудың дәстүрін жалғастырады. Ағымдағы жылда «Үш есе тиімді» iD Net/Megaline + iD Phone+iD TV немесе «Екі есе тиімді» iD Net/Megaline+iD TV, iD Net/Megaline+ iD Phone қызметтер пакетіне жаз айларында қосылған жеке тұлғалар- барлық абоненттер «Қала күні» акция шеңберінде бағалы сыйларды ұтысқа салудың қатысушылары болды.
2011 жылдың 7 қыркүйегінде «Астанателеком» ҚТО бұйрығымен арнайы құрылған комиссиямен, «Астана ақшамы» газеті редакциясының өкілі Светлана Евдокимованың қатысуымен, кездейсоқ сұрыптау тәсілімен 764 қосылған абонеттердің ішінен келесі бақытты адамдар анықталды:
- екі адамға Түркияға туристік сапардың иегері Майра Жарова болды (Megaline Hit + iD Phone+iD TV пакеті қосылған),
- I Phone иегері Төлеубай Ахметов болды (Megaline Hit + iD TV пакеті қосылған),
- ноутбуктың иегері Мәдина Мұхтарова болды (Megaline Hit + iD TV пакеті қосылған).
«Астанателеком» ҚТО жеңімпаздарды құттықтайды және оларға қызметтерді қолданғаны үшін алғысын білдіреді!
«Қазақтелеком» АҚ-ның акцияларына қатысыңыздар және ұтыңыздар!