Қала күні мерекесінде аспаздар фестивалі өтеді

АНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Астанада қала күні құрметіне аспаздар фестивалі өтеді,

Қала күні мерекесінде аспаздар фестивалі өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық алаңда үш күн бойына жүретін бұл сында бармағынан бал тамған аспаздар мен кулинарлардың қолынан шыққан ас-ауқат, тәтті-дәмділерге кәсіпқой мамандардан құралған қазылар алқасы бағасын беретін болады. Мейрамханалар мен дәмханалар қатысатын бұл шараның және бір ерекшелігі бар. Фестиваль барысында даяшылардың арнайы киімдері де бағаланады. Олардың табақ тарту және табақ жасай білуі, тоқаш-бәліштерді, торттарды безендіру мен халыққа қызмет көрсету мәдениеті де сын тезіне салынады. Сондай-ақ, бұл байқауда даяшылардың дастархан жасау шеберлігі сыннан өтеді.