Қала күні мерекесінде «Астанадағы балалар аралы» деп аталатын шара ұйымдастырылады

 АСТАНА. Маусымның 27-сі. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Шілденің 6-сы күні М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Астанадағы балалар аралы» деп аталатын шара өтеді,

Қала күні мерекесінде «Астанадағы балалар аралы» деп аталатын шара ұйымдастырылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы қала күні мерекесін кішкентай балалар да асыға күтіп жүр. Олардың да елорда тойына арнаған сый-сияпаты бар. Бірі сурет салып, бірі шығарма, ал біреулері өлең жазған, оны радиодан оқитын болады. Қала күні құрметіне  ұйымдастырушылар «Балалар Астананы салады» арт-көрмесінің қатысушыларына тәтті-дәмді, тарту-таралғылар үлестіреді.  Сондай-ақ жас фотосуретшілердің «Елорданың әсем де, көрікті жерлері» деген фотокөрмесі ұйымдастырылады. Елордамен жасты балалардың арасында өткен «Астана сұлуы» және «Астана сұлтаны» байқауының қорытындысы да осы күні белгілі болмақ. «Астананың егіздері» деген атпен өтетін дефилеге елордалық егіздер де дайындалуда.