Қала күнінде көлік жүргізушілеріне арнап лотерея ойнатылады

АСТАНА. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Шілденің 4-і күні Астанада елорда тойы құрметіне қаладағы ірі жанар-жағармай құю стансалары мен автотұрақ алаңдарында және қала көшелерінде көлік жүргізушілеріне арналған лотерея ойнатылады,

Қала күнінде көлік жүргізушілеріне арнап лотерея ойнатылады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Мұнда автокөлік әуесқойлары арасында лотерея ойынына қатысу үшін анкеталар және қала күні мерекесіне орай шығарылған белгі қадалған құттықтау ашықхаттары таратылады. Жүргізушілерге көлікке арналған бірқатар арнайы сыйлықтар таратылады. Барлық тарту-таралғыларға Астананың 11 жылдық мерекесінің символдық белгісі қоса тапсырылады. Акцияның қорытындысына орай, жеңімпаз жүргізушіге сыйлық тапсыру рәсімі радиоарналарда жүргізіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүргізушілер ? қаладағы ең белсенді қызмет иелері. Олардың жол ережесін сақтау мәдениеті елорданың бір келбеті іспетті. Сондықтан, осы мереке қарсаңында назар аударып, марапаттап қойған артық болмайды. Оларға деген ілтипат ? жолаушылар қауіпсіздігінің бір кепілі.