Қала күнінде субұрқақтар мерекесі болады
rong> Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Шілденің 4-і мен 6-сы аралығында Астанада «Музыка, от пен судың үйлесімі» атты субұрқақтар жанында иллюминациялық шоу болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қала күні мерекесінің құрметіне алуан түрлі электр шамдарының жарқылымен субұрқақтар көкке шапшып, мың құбылған күміс жіптері музыка ырғағымен тербелетін болады. Психологтардың айтуынша, адамзат жаралғалы үш құбылысқа, жұлдызға және от пен суға қараудан жалықпайтын көрінеді. Өйткені үшеуі адамзаттың жан-дүниесімен астасып жатады екен. Ұйымдастырушылар елордалықтар мен Астана тойын тамашаулаға келген қонақтардың жанын баурайтын, тербейтін және қуантатын осынау құбылысқа мерекелік сипат беріп, әуенмен әрлеуге тырысуда.