Қала күніне арналған мерекелік отшашу - Mary Kay компаниясынан сыйлық

СТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Mary Kay компаниясы Қала күнінің құрметіне Алматы тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту жасады.

Қала  күніне арналған  мерекелік  отшашу - Mary Kay компаниясынан  сыйлық

Кеше, қыркүйектің 1 9-ында «Қазақстан аруы 2010» ұлттық сұлулық конкурсының финалы аяқталғаннан кейін Алматыдағы «Астана» алаңында мерекелік отшашу ұйымдастырылды.

Алматы аспаны көздің жауын алған отшашуларға оранды. Mary Kay компаниясы тарту еткен бұл ерекше сыйлық 10 минутқа созылды.

Mary Kay компаниясы «Қазақстан аруы» сұлулық конкурсының ресми косметикасы атанғанына осымен үш жылдың жүзі болды.