Қала күніне елордамызда тәртіп күшейтіледі
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Астана қаласы күніне орай ұйымдастырылатын көптеген мерекелік шараларға байланысты елордамызда тәртіп күшейтіледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осыған байланысты елордамызда ішкі істер департаменті арнайы гарнизоны маусымның 22-сі мен шілденің 8-і аралығында арнайы рейдке шығады. Бақылау барысында қала көшелері мен ғимараттар күндіз-түні күзетілетін болады. Астана күніне орай ІІД қызметкерлеріне қоса, Ақмола және Қарағанды облыстарынан 350 ішкі әскер қызметкерлері көмекке келеді.