Қала күніне орай Астанада ірі қайырымдылық марафоны өтеді

АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - Әлемнің қазіргі заманғы астаналарының өзінің «фирмалық» марафондары бар. Марафондар қаланы спорт орталықтарына айналдырып, оны кеңінен танымал жасайды. Қала күні қарсаңында Астана қаласының әкімдігі Қазақстан Респубикасындағы ең маңызды және мәні зор іс-шараның бірі - «Бірінші болу - батылдық!» Астана қайырымдылық марафонын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.
None
None

«Астана қайырымдылық марафоны шаһарымыздың жүгірудегі даңқын асырып, оны әлемдегі бүгінгі күні жаппай жүгіруден айтарлықтай бедел жинаған Берлин, Лондон, Бостон немесе Мәскеу марафондарымен теңестіруге мүмкіндік береді»,- деп атап көрсетеді қала күніне дайындық іс-шараларын ұйымдастырушылар.

Марафон өткізудегі мақсат - аймақтағы мүгедек жандарға қолдау көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

«Марафонға қатысу үшін әлемнің барлық марафоншылары мен біздің олимпиадашылар шақырылады. Сондай-ақ, оған 5000 қала тұрғыны мен қонағы қатысады деп жоспарлануда. Әрбір жүгіруге қатысушы кепка, футболка мен марафонның логотипін алады. Қайырымдылық марафонының ұзақтығы 42 шақырым 195 метрді құрайды. Аталған марафон аясында Қазақстан эстрадасының танымал әртістерінің қатысуымен қызықты концерттік бағдарлама өтеді»,- деп сендіреді ұйымдастырушылар.

Қайырымдылық марафонына қатысу үшін 1000 теңге көлемінде жарна төлеуі (жарна көлемі шектеусіз болуы мүмкін) қажет. Компаниялар мен бірлестіктерге ұжымдық жарна қарастырылған. «Жиналған қаражат еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға жіберіледі» - деп атап өтті марафонды ұйымдастырушылар.

Марафон 1 шілдеді өтеді. «Астана Бәйтерек» - елорданың әлемге әйгілі рәмізі. Марафонға қатысушылардың сайысы, міне, осы жерден басталмақ. Әрі қарай желаяқтар Достық, Орынбор, Тұрар Рысқұлов көшелері, Қабанбай батыр даңғылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, Тұран даңғылы, Әуежай тас жолы, Айналма жол, «Тельман», «Заречный» тұрғын үй алабы, Керей және Жәнібек хандар көшелері бойынан жүгіріп өтеді. Ақтық мәре- «Мәңгілік ел» монументі алаңы.

Дегенмен, 42 шақырым 195 метр қашықтық тек қана марафонға қатысушыларға арналған. Қалғандары марафонмен бір уақытта өткізілетін 2400 метр қашықтыққа жүгіруден бақтарын сынайтын болады. Әкімшілік тарапынан Астаналық қайырымдылық марафонының жеңімпазына Лондонда өтетін «VirginLondonMarathon» марафонына жолдама беріледі.

Астаналық қайырымдылық марафоны жыл сайын өткізілетін дәстүрлі спорттық іс-шараға айналмақ.

Соңғы жаңалықтар