Қала күніне орай «Әттең, тонның келтесі-ай» мерекелік концерті ұйымдастырылды

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ -  Кеше, Астанадағы Конгресс-Холл сарайында Астана қаласының 11 жылдығын атап өту аясында Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Әттең, тонның келтесі-ай» атты  концерт өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Думанға  эстрада әншілері мен әзіл-сықақ өнерінің шеберлері қатысты. Көрермендерді күміс көмей әншілер - М.Жүнісова, Ж.Айжанова, М.Сәдуақасова, Қ.Нұртас пен «Алтын-Самұрық» квинтеті әуезді әнге бөлесе, «Шаншар» және «Шымкент шоу» әзіл-сықақ театрының әртістері әдемі қалжың мен күлкі сыйлады.

 Шілденің 4, 5 және 6-сы күндері жалғасын табатын концерттің ұйымдастырушылары - Астана қаласының Мәдениет басқармасы және «Алтын-Самұрық» өнер орталығы.

Соңғы жаңалықтар