Қала күніне орай ұйымдастырылған «Астанаға күлкі сыйла!» акциясы қорытындыланды

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Қаржы министрлігі ғимаратының алдындағы саябақта Астана қаласының 11 жылдық мерекесіне орай өткізілген «Астанаға күлкі сыйла!» атты акцияның қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар марапатталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  Акцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, оған 400-ден астам адам қатысып, өздерінің 800-ге жуық суретін жіберген. Жеңімпаздар «ең ажарлы күлкі», «Астананың күлкі аруы», «даналық күлкі», «менің алғашқы күлкім», «ең күлдіргі күлкі» және «үздік суретші» аталымдары бойынша марапатталды. Оларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 Саябақта сондай-ақ, байқауға қатысуға жолданған барлық суреттер жарияланған мерекелік журнал таратылып, көрме ұйымдастырылды.

 Естеріңізге сала кетейік, «Астанаға күлкі сыйла!» акциясы үстіміздегі жылғы маусым айының соңында жарияланған болатын. Ең үздіктерді таңдаумен құрамына ҚР халық әртістері Бибігүл Төлегенова мен Нұрлан Абдуллин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғани Қасымов, 2009 жылғы Олимпиада чемпионы Илья Ильин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжанов және тағы басқалары енген әділқазылар алқасы айналысты.

Соңғы жаңалықтар