Қала күніне орай ұйымдастырылған «урбандық мәдениет» фестивалі мәреге жетті

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы «Думан» қонақүйінің алдындағы алаңда жас жеткіншектерге арналған «урбандық мәдениет» фестивалі өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Урбандық мәдениет» термині - ірі қаланың қызу қайнаған өмірі, тыныс-тіршілігі, ХХІ ғасырға тән озық ойлары мен жаңа дәстүрлері негізінде жастардың спорт мәдениетіне жаңадан еніп отыр. Фестивальда жеткіншек жастар скейтбордтар мен роликтерде сырғанау және мәнерлі қимылдар жасау өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ брейк биі ағымындағы өнермен әуестенетін бишілердің де өнерлері бағаланды. 

 Жасөспірімдер өздерінің қиял-қимылдарын іске асыру үшін 1 мың 500 шаршы метр алаңға арнаулы қондырғылар орнатылып, спорт, ойын және биге арналған алаңдар мен ареналар жабдықталды.

 «Бүгін біз Алматы, Петропавл, Қостанай және Қарағанды облыстарынан келген 15-ке жуық топты тіркедік. Өз командаларының мәртебесін қорғаған 100-ден астам жеткіншек бірінші, екінші және үшінші жүлделі орындар үшін бақ таластырды», - деді фестиваль жобасының үйлестірушісі Олег Яхов.

 Мәдениеттің бұл жаңа ағымындағы фестивалін жоғары деңгейде өткізу, насихаттау және дәстүрге айналдыру үшін астаналық жастардың өнеріне әлемге аттары танымал экстремал спортшылар төрелік етіп,  оларға арнап шеберлік сабақтарын берді. 

Соңғы жаңалықтар