Қала құрылысы кодексінің жобасы қашан әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, қала құрылысы кодексі жобасының тұжырымдамасын әзірлеудің орындылығын анықтауға бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында зерттеулер жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала құрылысы кодексінің жобасы қашан әзірленеді

«Зерттеу нәтижелері бойынша қала құрылысы кодексі жобасының тұжырымдамасын әзірлеудің орындылығы туралы ұсыныстар берілді. Бұл ретте, қала құрылысы кодексін әзірлеу аясында мемлекеттік органдардың функциялары түбегейлі қайта қаралуға, заңнаманың тұрақтылығы мен сала субъектілері тарапынан оған деген сенім арттырылуға тиіс. Сондықтан бұл мәселе мамандандырылған ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, неғұрлым мұқият зерделеуді, сондай-ақ бюджет қаражатының жұмсалуына қаржылық талдау жүргізуді талап етеді», - делінген ҚР ИИДМ мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, сәулет, қала құрылысы әрі құрылыс саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында мемлекеттік органдарға «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қала құрылысы кодексін әзірлеудің орындылығы туралы мәселені пысықтау тапсырылды.