Қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілді - ҚР ҰЭМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды www.primeminister.kz ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода хабарлағандай, 2015 жылғы қазан айында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданды.

Осы Заңның аясындақала құрылысы сараптамасын өткізу процесі реттелді: барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілді; қала құрылысы және құрылыс жобалары (техникалық-экономикалық негiздемелер және жобалау-сметалық құжаттамалар) бойынша сараптама қорытындыларын ресiмдеу қағидаларын және Сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру және кешендi ведомстводан тыс сараптамаға және қала құрылысы сараптамасына қатысу үшiн мамандарды (мамандандырылған институттар мен ұйымдарды) тарту қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

«Осы қағиданың мақсаты: жобаларды кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізу процесін реттеу; жобаларды кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткізу кезінде, сараптама комиссияларын (сараптама топтарын) құру процесін реттеу; кешенді қала құрылысы сараптамалық қорытындыларын рәсімдеу тәртібін белгілеу болып табылады», - делінген министрліктің хабарламасында.

Қағидалармен барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларын қала құрылысы сараптамасынан өткізу процессі реттелді, қала құрылысы сараптамасынан өткізуге жататын міндетті қала құрылысы жобалары, қала құрылысы сараптамасын жүргізу бойынша, сараптама комиссиясын (сараптама топтары) құру тәртібі және сараптамалардың қорытындыларын рәсімдеу тәртібі анықталды.

Ведомствоның сараптама комиссиясы мынадай қала құрылысы жобаларына: Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы; аумақты дамытудың өңіраралық схемасы; республикалық маңызы бар қаланың, астананың, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары; жалпы мемлекеттік маңызы бар өзге де қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізеді.

Жергілікті атқарушы органдардың сараптама топтары мынадай қала құрылысы жобаларына: облыстар, аудандар аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары; халқының есептік саны бес мыңнан жүз мың тұрғынға дейінгі елді мекендердің бас жоспарларына кешенді қала құрылысы сараптамаларын жүргізеді.

«Қазіргі таңда, қағидалар қолданысқа енгізілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Қағидаларға сәйкес құрылған сараптама комиссияларымен қала құрылысы жобаларына қала құрылысы сараптамалары жүргізілді: Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының бас жоспары, Алматы агломерациясының аумағын дамыту өңіраралық схемасы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының бас жоспары сараптама комиссиясының қарауында», - деді ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің сәулет, қала құрылысы және қала құрылыс кадастры басқармасының басшысы Тәңірберген Дәркенбаев.

Соңғы жаңалықтар