21:33, 03 Шілде 2013 | GMT +5
«Қала маңындағы тасымал» АҚ «Астана - Бурабай курорты» бағдары бойынша жайлылығы жоғары қала маңы пойызын іске қосады
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - «Қала маңындағы тасымал» АҚ жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеру мақсатында 2013 жылғы 5 шілдеден бастап «Астана - Бурабай курорты» бағдары бойынша жаңартылған жайлылығы жоғары № 6817/6818 қала маңы пойызын іске қосады.
Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлайды.
Астанадан жұма, сенбі және жексенбі күндері сағат 21:10-да жөнелтіліп, Бурабайға сағат 01:05-те жетеді. Бурабайдан қайта Астанаға сағат 04:25-те шығып, сағат 07:57-де жетеді.
«Астана - Бурабай курорты» бағдары бойынша жайлылығы жоғары қала маңы пойызында жол жүру ақысы 945 теңгені құрайтын болады.
Қала маңы пойызының жаңа вагондары жайлы креслолармен, қайырмалы үстелдермен және аяқ қоятын тіреулермен жабдықталған.
Оған қоса, пойызда теледидарлар, радио хабарын тарату жүйесі, ақпараттық табло, екі биодәретхана және кондиционер бар.