Қала тұрғындары скринингтік тексеруден тұрғылықты жерлеріндегі емханаларда өте алады

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Елорданың денсаулық сақтау қызметкерлері ең көп тараған және қауіпті ауруларды ерте кезеңінде анықтау мақсатында халықты тұрақты түрде тексеруден өткізуде. 2012 жылы тексеруден 417 926 адам өтті. Бұл туралы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды.
None
None

Скринингтік бағдарламаға енген аурулар тізбесі өте ауқымды. Елорданың ресми сайтының жазуынша, өткізілген скринингтік тексерудің арқасында 2012 жылы ісіктің 3 046 оқиғасы анықталып, оның 35-і сүт безі ісігі, 1 124-і жатыр мойны сырқаты, 3-уі - жатыр мойны ісігі болды. Сонымен қатар, 231 оқиға қант сусамыры, 84 - глаукома, 3 829-ы қан айналымы жүйесі ауруы, сондай-ақ, саңыраулықтың туабітті, тұқым қуалаушылық ауруының 6 оқиғасы, «В» және «С» гепатитімен зақымданған 778 факті тіркелді. Сонымен қатар, биылғы жылы өңеш және асқазан, бауыр мен қуық безі қатерлі ісіктерін ерте кезеңде анықтау үшін тексерудің жаңа түрі енгізілді.

Соңғы жаңалықтар