Қаладағы құстар тез қартаяды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалада өсетін сары шымшық балапандарының геніндегі тұрпат өлшемі белгісі ормандағы түріне қарағанда тезірек қысқарады.

Қаладағы құстар тез қартаяды

Biology Letters журналы швециялық Лундский университеті биологтарының ғылыми мақаласын жариялады.  Авторлар қалада және табиғи ортада (орманда) өскен балапандардың дамуын зерттеген.  Жұмыртқаны жарып шыққандардың он бесінші күнде олардың қаны алынып, геніндегі тұрпат өлшемі өлшенді.  

Бұл еш генетикалық ақпаратты тасымалдамайтын  хромосомалар.  Жасушалар көбейіп, ген екіге бөлінгенде және ДНК-полимераздарының ақуыздарың жұмысы кезінде тұрпат өлшемі біртіндеп азаяды.  Бұл үдеріс қартаю үдерісіне қомақты үлесін қосып, оның  индикаторы бола алады деп саналады.

Швециялық биологтар тәжірибеге қатысқан балапандардың тұрпат өлшемін өлшегенде қаладағы сары шымшықтарда бұл көрсеткіш ормандағы құстарға қарағанда орташа алғанда 11% аз.  Орманнан қалаға көшірілген құстарда да жасушаларының «тез қартаюы» байқалған.