Қаладан шықпаңыздар: Өскеменде боранға байланысты ескерту жасалды
Өскемен қаласында полицейлер халыққа ескерту жасады, деп хабарлайды Kazinform.
Қазір Өскеменде қалың қар жауып тұр. Жолдарды қар басып, көлік жүргізушілеріне қолайсыздық туындауда.
Қала көшелері тазаланып жатса, іргедегі учаскелерде әлі де қар көп.
Қатты боран да соғып, жағдайды қиындатты.
Соған орай полиция қызметкерлері тұрғындарға ескерту жасады.
«5 желтоқсанда „Өскемен-Тарғын-Самар“ тасжолының 55-75 шақырымы аралығында қатты жел тұрып, қарлы боран соқты. Көктайғақ та қалыптасқан. Соған орай азаматтарға қаладан шықпауға кеңес береміз», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.