14:23, 29 Шілде 2015 | GMT +5
Қалалық №2 емханада елорда тұрғындары үшін консультациялар ұйымдастырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында аймақтардың ауыл тұрғындарына арналған 2011-2015 жылдар аралығында «Денсаулық жолы» акциясы өткізіліп жатыр. Акция шілденің 1-нен тамыздың соңына дейін жалғасады, деп хабарлады astana.gov.kz ресми сайты.

Акция аясында Астана қалалық №2 емханада туберкулезге қарсы диспансер мен ЖИТС-қа қарсы күрес орталығының мамандары тұрғындар үшін қабылдау сағаттарын ұйымдастырды.
Шараның мақсаты - қоғамның, мемлекеттік және мемелекеттік емес ұйымдардың назарын ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғап, нығайту мәселелеріне аудару, ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша ақпараттық білім беру мен практикалық көмек көрсету.
Акцияға туберкулезге қарсы диспансердің мамандары, қаланың медициналық ұйымдар дәрігерлері бригадасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қатысты.