Қалалық Ішкі істер департаментінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Астана қаласы Ішкі істер департаментінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мерекелік кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, зейнеткерлер мен қаза тапқан қызметкерлердің әйелдері қатысты. ІІД бастығы Марат Демеуов оларды осы органның әйел қызметкерлерімен бірге мерекелерімен құттықтап, дипломдар, төсбелгілер мен бағалы сыйлықтар тапсырды. «Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Сіздерге және туған-туыстарыңызға денсаулық, жеке және отбасы бақытын, үлкен жетістіктер тілеймін. Бізге көктем мерекесіне орай басқа облыстар мен департаменттердің атынан көптеген құттықтаулар, сондай-ақ Ішкі істер министрінің атынан жеделхат келіп түсті», - деді өз сөзінде Марат Демеуов.
Соңғы жаңалықтар