Қалалық соттың ғимаратын салу кезінде «Абай-Б» ЖШС-нің 42 жастағы жұмысшысы 2-ші қабаттан құлап, мерт болды

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Астанада, сол жағалауда салынып жатқан құрылыс алаңдардың бірінде төтенше жағдай орын алды.

Қалалық соттың ғимаратын салу кезінде «Абай-Б» ЖШС-нің 42 жастағы жұмысшысы 2-ші қабаттан құлап, мерт болды

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 3 маусым күні сағат 16.05-те қалалық соттың салынып жатқан ғимаратында құрылыс жұмыстарын атқару кезінде «Абай-Б» ЖШС-нің 42 жастағы арматурашы 2-ші қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды.