«Қаламгер-Азамат» республикалық форумы еліміздің жас журналистерінің кәсіби өсуіне және шығармашылық тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызады

АСТАНА. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат. ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов «Заңғар» шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған ІІІ Республикалық «Қаламгер - Азамат» жас тілшілер форумының қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Шараның басты мақсаты - жас журналистердің Отанымыздың әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына атсалысуға шақыратын жобаларын қолдап, семинар-тренингтерге қатыстыру.

Вице-министр Нұрай Оразов кездесу кезінде Елбасының жастар дамуына ерекше көңіл бөліп, олардың идеялары және бастамаларына қолдау көрсетуге шақыратынын, «Қаламгер-Азамат» республикалық форумы еліміздің жас журналистерінің кәсіби өсуіне және шығармашылық тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев форум қатысушыларына жолдаған құттықтау сөзінде «Қазіргі егемен Қазақстан жағдайында Сіздерді, жас қаламгерлер, биік мақсаттар мен белестер күтіп тұр. Қазақстан елінің, қазақ журналистикасының қарыштап дамуы Сіздерге, жастарға тікелей байланысты екендігіне сенімдімін. Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Мен сендерге, жас мемлекетімізді дамуына үлес қосып жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіріп, болашақта нағыз өз саласын меңгерген майталмандары болуларыңызға тілектеспін», деп жастарға сәттілік тіледі.

Форумға ҚР Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаев, ҚР Парламентініңі Мәжілісінің депутаты А.Смайыл, жазушы Ә.Тарази, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшылығының хатшысы Н.Өтешев қатысты.

Аталған шарада «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Қоғамдық саяси бағдарламалар бөлімінің жетекшісі М.Манатбек, «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің төраға кеңесшісі Е.Жақыпбай, «Сақшы» газетінің бас редакторы Р.Сәбитұлы баяндама жасады.

Форум аясында «Қазақ баспасөзінің дамуы»; «Телебағдарламалар мен жаңалықтар сюжеттерінің бүгінгі сапасы қай деңгейде»; «Қазақ тіліндегі интернет ресурстарының дамуы» атты семинарлар өтті.

Тілшілер «7» телеарна және ұлттық академиялық кітапханада өткен шеберлік сағаттарға қатысып, «Нұр-Астана» газетінің редакциясында, сондай-ақ Республикалық Ұлан гвардиясында болды. Сонымен қатар, форум шеңберінде «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының қазақ тіліндегі интернет сайтының тұсаукесері өтті.

Форумға 18-23 жас аралығындағы жас журналистер қатысты. Осы уақытқа дейін аталған форум 2008 жылы Алматы және Астана қалаларында өткен.

Соңғы жаңалықтар