Қаламгерлер мен драматургтер арасында елге қызмет ету, отаншылдық тақырыптарында байқау жарияланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаламгерлер мен драматургтер арасында елге қызмет ету, отаншылдық тақырыптарында байқау жарияланады. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Қаламгерлер мен драматургтер арасында елге қызмет ету, отаншылдық тақырыптарында байқау жарияланады

Отырыс барысында Елбасы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына мәдениет саласына бөлінген қаржы дұрыс пайдалануы қажеттігін баса ескертті. «Өз құндылықтарымыз бар. Адалдық, жанұяның бірлігі, елге қызмет ету, отанды сүю деген мәселелерде шығармашылық адамдарға байқау жариялау керек. Жақсы-жақсы шығармалар болуы қажет. Бұл жазушы қауымға, драматургтерге беріліп отырған керемет мүмкіндік қой», - деді ҚР Президенті. Өз кезегінде министр еліміздің тарихи орындарын шетелдік мамандармен бірлесіп, зерттеу жұмыстары қолға алынатындығын атап өтті. «Берелге немістерді шақырдық, Тамғалыға жақын арада Катардың мәдениет министрі келеді. Біз солармен бірге аталған орындарды зерттеу үшін халықаралық мәдениет саласындағы инвестицияларды өзімізде қолданбақпыз», - деді А.Мұхамедиұлы.