Қаламгерлер өмірінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Фолиант» баспасынан шығысқазақстандық белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Аман Кәлетаевтың «Туған жерім - тұмарым» және «Всем сердцем» атты қос кітабы жарық көрді.
None
None

Қ ос қанат

А.Кәлетаевтың жырлары республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жиі жарық көріп жүр, жырсүйер қауым үшін жақсы таныс. Ақынның баспадан жаңа шыққан, сиясы кеппеген қос кітабына соңғы жылдары жазылған өлеңдері мен дастандары жинақталған. Аман Кәлетаев поэзиясы тұтасымен туған елге, жерге арналған десе де болады. Мамандығы қаржыгер бола тұра, жастайынан әдебиетті кие тұтқан автор шығармашылығының өне бойында поэзияға, кітапқа деген сүйіспеншілік, құрмет өріліп жатыр. Ақынның өлеңдерін орыс тіліне аударған белгілі қаламгер Орынбай Жанайдаров.

«Ниетқабыл»

Ақын, қарымды қаламгер Бауыржан Бабажанұлының Алматы­дағы «Хан Тәңірі» баспасынан «Ниетқабыл» атты жаңа кітабы жарық көрді.

Қалам қанаты

Жазушы-журналист Жұмабек Кенжалиннің «Ана тілі» баспасынан «Қалам қанаты» атты жаңа кітабы жарық көрді. Жинақ үш бөлімнен тұрады.

«Тәуелсіздік туы берік қолда», «Жақсы жүр­­ген жерін­де із қалады», «Өрімтал дәурен өрнегі» деп аталатын бө­лім­дерге автордың уақыт пен дәуір талабынан туындайтын міндеттерге сай жазылған көсемсөз­дік ой-толғамдары, эсселері топтастырылған. Автор, әсіресе, ұрпақтар сабақтас­ты­ғының алтын соқпағының қадір-қасиетін білу қа­жет­ті­лігі ­хақында оқырмандармен ой бөліседі. Қа­зақ­стан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Ж.Кенжалин деректі проза саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан қалам­гер­лердің бірі. Кезінде оның «Желкілдеп өскен құрақтай», «Шын­дықты шырақ етіп ұстаңыз», «Ұлт рухын ұлықтаған ұр­пақ­пыз», «Ер Жәуке мінбегенмен алтын тақ­қа» деп атала­тын кітаптарын қалың оқыр­ман қауым жылы қа­былдаған болатын.

Тілеужан Сақалов шығармалары

Алматыдағы «Мерей» баспасынан әдебиет зерттеушісі Тілеужан Сақаловтың әр жерде жарияланған шығармалары топтастырылып, кітап болып жарыққа шықты. Ол артына мол мұра қалдырған қарымды қаламгер еді. Кезінде көптеген еңбектері мерзімді басылымдарда жарияланғанымен, толық шығармалар жинағы оқырмандар қолына тимеген болатын.

Бұл жинаққа қаламгердің зерттеу еңбектері мен әдеби дүниелері енгізілді.

Мархабаттың «Күнгей көңілі»

Алматыдағы «Қайнар» баспасынан «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша белгілі жазушы Мархабат Байғұттың «Күнгей көңіл» атты кітабы жарық көрді. Онда қаламгердің толғамдары топтастырылған. Жинақ «күнгей көңіл», «жомарт жол» және «Шымкент шырыл» атты бөлімдерден құралған.

Г.СЫДЫҚОВА

Соңғы жаңалықтар