Қаламгерлерге қаламақы беру мәселесі нақты шешілуі тиіс – Қазыбек Иса

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса елімізде Әдебиет институтын ашылса, қаламгерлер алаңсыз шығармашылықпен айналысуы үшін еңбегіне лайықты қаламақы төленсе деген ұсынысын білдірді.

Қазыбек Иса
Фото: parlam.kz

— Қазіргі қоғамда заманауи қазақ әдеби кейіпкердің бейнесі толық сомдалмаған. Әдебиет пен мемлекеттік идеология арасындағы өзара ықпал әлсіз, жас буынның әдебиетке қызығушылығы төмен. Сондықтан бұл бағытта жүйелі мәдени саясат пен рухани бағдар қажет. Қазір қазақ әдебиетінде рухани дағдарыс байқалады, көп шығарма тек өткен заманың сүрлеуінен шыға алмай отыр. Ал қазір елге болашаққа сенімді, жарқын жол көрсететін шынайы шығармалар керек. Әсіресе, жастарға ұлттық ұстаным мен жарқын технологиялық жаңа заманды ұштастыра білген ұлттық әдеби кейіпкерлер керек, - деді ол.

Мәжіліс депутаты қазақтың саңлақ жазушысы Саттар Ерубаевтың өткен ғасырдың отызыншы жылдары 20 жасында жазған «Менің құрдастарым» романындай өз замандастарын сомдаған, ұлттық әдебиетте тұлғалық, рухани жаңару идеясын жырлаған кесек шығармалар қажеттігіне назар аудартады.

— Біздің ұсынысымыз Қазақстанда да АҚШ, Қытай, Германия, Үнді елдеріндегідей Әдебиет институтын ашу керек. Кезінде Кеңес одағының өзі Әдебиет институтын ашып, қаламгерлердің жаңа буынын дайындап шығарды. Қаламгерлер алаңсыз шығармашылықпен айналысуы үшін еңбегіне лайықты қаламақы мәселесі нақты жолға қойылуы тиіс, - деді Қазбек Иса. 

Еске сала кетейік, бұған дейін депутаттардың ең төменгі жалақының мөлшерін көтеруді ұсынғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар