«Қаламқас Мұнайгаз» кен орнындағы өртте жұмыскер қаза тапты - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні таңертең Маңғыстау облысындағы «Қаламқас Мұнайгаз» кен орнында «МаңғыстауЭнергоМұнай» ЖШС-нің иелігіндегі вагонша өртене бастады.
Өрт 25 минуттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтаумен «Қаламқас Мұнайгаз» командасы жеке құрамының 10 адамы мен 2 техникасы айналысты.
Оқиға орнында ЖШС-нің 40 жастағы электр жөндеушісінің мүрдесі табылды.