«Калашников» концерні АҚШ-қа жыл сайын 200 мың қару-жарақ сатпақ

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - «Калашников» концерні АҚШ-қа жыл сайын шамамен 200 мың қару-жарақ сатуды жоспарлап отыр.

«Калашников» концерні АҚШ-қа жыл сайын 200 мың қару-жарақ сатпақ

Қару-жарақты жеткізу туралы келісім қаңтардың ортасында Лас-Вегаста өтетін көрме барысында рәсімделеді, деп хабарлады Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі концерн баспасөз хатшысы Елена Филатоваға сілтеме жасап.

Ростех мемлекеттік корпорациясының құрамына кіретін «Калашников» концерні Russian Weapon Company (RWC) компаниясымен АҚШ-қа Ижев қару-жарақ өнімдерін жеткізу туралы эксклюзивті келісімге қол қояды. «Калашников» концерні бас директорының орынбасары Павел Колеговтың болжамынша, Russian Weapon Company эксклюзивті диллердің көмегімен концерн жыл сайын АҚШ-қа 200 мың қару-жарақ сата алатын болады», - деді ол.

Айта кетейік, Shot Show 2014 Халықаралық қару-жарақ көрмесі қаңтардың 14-17-сі аралығында Лас-Вегаста өтеді.