Қалдықтарды орналастыру орындарына жүргізілген ғарыштық мониторинг қандай нәтиже берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы 1022 экологиялық тексеру жүргізілді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктің 2020 жылға стратегиялық көрсеткіштері орындалды, нақты шығарындылар 2,5 млн тоннаны, төгінділер 1,1 млн тоннаны құрады. 2020 жылы 1022 экологиялық тексеру жүргізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз. Тексерістер санының азаюы елдегі карантиндік іс-шараларға байланысты. Бұл ретте, тексерулердің сапасы жақсарды», - деді Пірімқұлов.

Оның айтуынша, тексеру нәтижелері бойынша 2875 заң бұзушылық анықталды. Оларды жою туралы 1966 нұсқама беріліп, соның 1540-ы орындалды.

«Мемлекет басшысы 2020 жылғы 10 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлердің санын қысқарту бойынша шара қабылдауды тапсырды. 2020 жылғы 20 шілдеде рұқсат етілмеген үйінділер анықталған жағдайда, шұғыл әрекет ету үшін «жедел желі» іске қосылды. Аталған желіге 1 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Қалдықтарды орналастыру орындарына ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 7 147 қоқыс үйінділері жойылды, бұл 80 пайызды құрайды», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар