Калифорния бұғазында жер сілкінісі болды

АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Калифорния бұғазында тербелісі 6,9 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Калифорния бұғазында жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпулері Мексиканың Лос-Мохис қаласынан 105 шақырым жерде тіркелген. Апат ошағы 10 шақырым тереңдікте жатқан, делінген АҚШ-тың Геологиялық қызметі таратқан ақпаратта. Қаза тапқандар туралы хабар болған жоқ, сондай-ақ цунами болуы туралы ескерту де жарияланған жоқ.