Калифорния штатындағы өрттен мыңнан аса адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Калифорния штатының билігі Напа алқабындағы табиғи өртке байланысты мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды ИТАР ТАСС. Сәрсенбі күні KTLA телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, тілсіз жауды ауыздықтауға бір мың маман жұмылдырылған. Бес тұрғын үй отқа оранды, әлі де төрт жүз үйге қауіп төніп тұр.

Калифорния штатындағы өрттен мыңнан аса адам эвакуацияланды

Оқыс оқиғаға штаттағы рекордты деңгейге жеткен қуаңшылық себеп болып отыр. Оның үстіне, екпінді жел де жағдайды ушықтырып отыр. Округ шерифінің кеңсесі мен жергілікті полиция төтенше жағдайдың шығу себептерін анықтауда. Болжамдардың арасында біреу қасақана от салды деген нұсқа да қарастырылуда.