09:50, 06 Қаңтар 2015 | GMT +5
Калифорния штатының губернаторы төртінші рет сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния штатының қазіргі губернаторы Джерри Браун рекорд жасап, төртінші рет губернаторлық қызметіне сайланды, деп хабарлады ВВС.
Ант беру рәсімінде Демократиялық партияның мүшесі салық саясатына, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға, энергияны үнемдеу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға уәде берді.
Республикалық партия мүшелері оның сөзін сынап үлгерді. Олардың айтуынша, Браун жаңа жұмыс орнын ашу, білім саласын реформалау жайында бірде-бір сөз айтпады.
Браунның губернаторлық екі мерзімі 1975-1983 жылдарда өткен. Демократ штаттың басты лауазымына 2011 жылы қайта оралған. Ол Калифорния бюджетіндегі тапшылықты күрт қысқартқан болатын.