Калифорния жағалауларына жүздеген теңіз арыстанының өлексесі шығып қалды
АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Ғалымдар тосын құбылысқа алаңдаушылық танытуда.
Калифорнияның оңтүстік жағажайына әлсіздіктен өліп қалған жүздеген теңіз арыстанының өлекселері шығып қалған, деп хабарлайды Утро.ру.
Зерттеушілердің санағы бойынша әңгіме 950 жануар турасында болып отыр. Олардың басым бөлігінің салмағы орташа деңгейден төмен.
Сарапшылардың айтуынша, сәуір айында жас теңіз мысықтары анасының қамқорлығынсыз өз бетінше өмір сүре бастайды. Сондықтан да таяу апталардың ішінде Калифорния жағалауларында олардың өлекселерінің саны артуы мүмкін.