Калифорния жағалауында 20 метрлік көк кит судан шығып қалды
АСТАНА. Қазанның 22-сі. ҚазАқпарат - Калифорнияның солтүстік жағалауында ұрғашы көк кит судан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Ғалымдардың пікірінше, алып жануар жағалауға кемемен соқтығысқаннан кейін шығып қалған. Мамандар мұндай оқиғалардың сирек болатынын айтады.