Калифорнияда 96 жастағы әжей 30 жастағы әйелді асырап алған

АСТАНА. ҚазАқпарат - 96 жастағы Калифорния тұрғыны 30 жастағы камбоджалық әйелді асырап алды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Калифорнияда 96 жастағы әжей 30 жастағы әйелді  асырап алған

Бернис Дейк отбасы бірнеше жылдар бойы Камбоджа тұрғыны Чендре Кауб Чумбқа мектеп бітірген соң көмек көрсетіп тұрған көрінеді.

Бірнеше жыл бұрын Чумб АҚШ-қа көшіп келіп, колледж тәмамдайды, сондай-ақ неке және отбасылық кеңес бағыты бойынша университет магистрі атанады.

Чумбтың туған анасы Камбоджада тұрады екен. Ал Калифорниядағы анасы бала асырап алған әлемдегі ең қарт ана ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.
Фото: сайт газеты The Fresno Bee