Калифорнияда аса қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 желтоқсанда таңертең Калифорния жағалауында магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды.

Калифорнияда аса қуатты жер сілкінісі болды

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) хабарлауынша,  жер асты дүмпуі Ферндейл қаласынан 167 шақырым қашықтықта, жергілікті уақытпен 06:49-да  тіркелген. Зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.

Әзірге қирандылар мен құрбандар туралы мәліметтер жоқ.