Калифорнияда белгісіз біреу екі оқушыны атып, жарақаттап кетті

АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатының оңтүстігіндегі Карлсбад қалашығында белгісіз ер адам екі бастауыш сынып оқушыларын тапаншамен атып, жарақаттап кетті.

Калифорнияда белгісіз біреу екі оқушыны атып, жарақаттап кетті

6 және 7 жастағы екі оқушы Сан-Диего балалар ауруханасына жеткізілді. Қылмыскер қолға түсіп, қарусыздандырылды, алайда ол аты-жөнін әлі айтпай отыр, деп хабарлайды РБК агенттігі.

CNN ақпараты бойынша, зардап шеккен балалардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оқ балалардың қолына ғана тиген.