07:57, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Калифорнияда бес қыз тірідей машинада жанып кетті
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Калифорнияда Сан-Франциско шығанағының үстімен өтетін Сан-Матео көпірінде бес қыз қаза болды, тағы төртеуі түрлі дәрежедегі күйік жарақаттарын алды.

Бұл туралы CNN америкалық телеарнасы хабарлады.
Мамырдың 4-інен 5-іне қараған түні көпірмен өтіп бара жатқан, ішінде тоғыз қыз бен жүргізуші болған «Линкольн» маркалы ұзын ақ лимузин кенеттан жалындай бастады. Қыздардың төртеуі және жүргізуші көліктен шыға алды, қалғандары жанып кетті.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, мерт болғандардың барлығы 30 жасқа толмаған. Өрттің шығуына не себеп болғанын қазір сараптама анықтауда. Белгілісі, жалын автокөліктің артқы бөлігінен шыққан.