05:51, 25 Ақпан 2012 | GMT +5
Калифорнияда дербес үй 78,8 миллион долларға сатуға шығарылды
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Брэдбери қаласында (Калифорния штаты) бағасы 78,8 миллион доллар тұратын жеке үй сатуға шығарылды. Бұл туралы The Real Estalker порталы мәлім етті, деп хабарлады Лента.ру сайты.

Үйді салумен жылжымайтын мүлік жөніндегі кәсіпкер Дональд Эбби сегіз жыл бойы айналысқан, енді ол жылжымайтын мүлікті сатуға шешім қабылдады.
Үш қабатты басты үйдің ауданы 2970 шаршы метр. Онда бес жатын бөлмесі, 10 ванна бөлмесі, кітапхана, спортзал, алты камин, 2000 шарап бөтелкесін сақтайтын жертөле, 3D-кинотеатр, карта ойнайтын бөлме, 15 адамға спа-салон бар. Ауданы 3,2 гектар болатын оның ауласында қонақ үйі, бассейн, сарқырамалы жасанды тоған, теннис корты және 10 автомобильге арналған гараж бар.
Брэдбери тұрғын үй бағасы жөнінен АҚШ-тың ең қымбат қалаларының бірінен саналады.