Калифорнияда екі жекеменшік ұшақ соқтығысып қалды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Калифорния аспанында екі жекеменшік ұшақтың соқтығысуы салдарынан 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Лента.ру.

Калифорнияда  екі жекеменшік ұшақ соқтығысып қалды

Оқиға жексенбі күні Мексикамен шекараға жақын Сан-Диего аймағында орын алған.

Қос моторлы Sabreliner ұшағы мен бір моторлы Cessna 172 Сан-Диегодағы Браун Филд әуежайына қону кезінде соқтығысып қалған. Соғылған екі ұшақ жерге құлап, от ала бастаған.

Әуе апатынан 4 адам көз жұмды. Ұшақтардың ішінде болған адамдардың саны анықталып жатыр.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалын алған аймақты 1 сағат ішінде ауыздықтаған. Өрт сөндіру кезінде бір адам зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.