Калифорнияда ер адам үш адамды атып, ажал құштырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифония штатында жеке үйде белгісіз ер адам оқ жаудырды. Отты қарудан жарақаттанған үш адам қазға ұшырады, тағы біреуі жараланды, деп хабарлады Росбалт.
Associated Press агенттігінің жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, оқиға сенбі күні кеште Лос-Анджелес түбіндегі Пасадина қаласында болған. Оқиға орнына полицейлер келгеннен кейін қаскөй үйінде бекініп алып, олардың автомобильдеріне оқ жаудырған. Бұдан кейін тәртіп сақшылары үйді қоршап алып, онымен келіссөздер жүргізді.
Біраз уақыттан кейін ер адам құқық қорғау органдарына берілді және ол учаскеге жеткізілді. Қылмыстық мән-жайы анықталуда.