Калифорнияда қарлы бораннан жүздеген мың үй жарықсыз қалды

САКРАМЕНТО. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Калифорния штатында сирек болатын қысқы дауылдан осы демалыс күндері электр желілері үзіліп, тасжолдар мен жағажайлар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
None
Фото: Getty Images

Қолайсыз күн райы салдарынан 120 мыңнан астам адам бірнеше күн бойы электр қуатынан қол үзіп қалды. Штаттың батыс жағалауындағы негізгі солтүстік-оңтүстік тасжолдың «Жүзім сабағы» деп аталатын таулы аймақтағы учаскесі жабылды.

Осы аптада басылуы тиіс болған дауыл – Калифорниядағы ең күшті дауылдардың бірі. Толассыз соққан жел ағаштарды құлатып, электр желілерін зақымдады.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, сенбі күні Лос-Анджелес округінде найзағай жарқылдауына байланысты барлық жағажайлар бірнеше сағатқа жабылған.

Ұлттық метеорологиялық қызметі Калифорнияның оңтүстігінде қатты жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ Солтүстік тауаралық аймақ пен Солтүстік Калифорнияда қар жаууы мүмкін деп болжады.

Штат астанасы Сакраменто тұрғындарына жексенбіден сәрсенбіге дейін саяхаттаудан бас тарту туралы ескертілді.

Дауылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат түспеген.


Соңғы жаңалықтар