Калифорнияда көбелектер көрмесі ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорниядағы Сан-Диего  зообағында көздің жауын алатын мыңдаған көбелектер келушілерді қарсы алуда. Мұнда «Көбелектер джунглиі» аталатын жыл сайынғы көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды euronews. 

Калифорнияда көбелектер көрмесі ашылды

 Сапари-саябақта 18 сәуірге дейін Орталық, Оңтүстік  және Солтүстік Америкадан әкелінген көбелектердің 30 түрін, сондай-ақ экзотикалық құстардың 18 түрін тамашалауға болады. Биылғы жылы көрмені ұйымдастырушылар  2000 мың гүлдейтін өсімдіктерді пайдалануды көздеп отыр. Олар келушілерді көбелектермен жақын танысу үшін қызылды-жасылды киінуге шақырады.