Калифорнияда қораз адам өлтірді
35 жастағы Хосе Луис Очоа қораздың аяғына байланған өткір алмастан жарақат алып, қаза тапқан.
Екі сағат өткен соң ауруханаға жеткізілген ол сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Сот-медициналық сараптамада "ер адам абайсызда өткір нәрседен оң жақ жіліншігінен қатты жарақат алды" делінген.
«Мен мұндай қайғылы оқиғаны ешқашан көрмеген екенмін», - дейді 20 жылдан бері штат полициясында жұмыс істеп жүрген Мартин Кинг «Bakersfield Californian» газетіне берген сұхбатында.
Газеттің ақпаратына сүйенсек, қаза тапқан адам қораздар төбелесін жиі ұйымдастырып тұрады, былтыр оған құстарды төбелеске дайындап жүргендіктен айыппұл салынған екен.
Оқиға орнында өлі қораздар мен оқиғаның басқа да дәлелдері табылған. Алайда ешкім қамауға алынбаған.