Калифорнияда лаңкестік салдарынан 14 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Калифорнияда әлеуметтік қызмет көрсету агенттігінде атыс болып, кем дегенде 14 адам қаза тапты. Полиция үш күдікті бар екенін хабарлады, деп жазады шетелдік БАҚ.

 Калифорнияда лаңкестік салдарынан 14 адам ажал құшты

-14 адам мерт болып, 14 адам жарақаттанды, деді Сан-Бернардино полициясының басшысы Джаррод Бургуан. Оның айтуынша, күдіктілер жол талғамайтын көлікпен бой тасалаған. Нақтырақ айтқанда оқиға мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған ғимаратта болған. Белгісіз біреулер ондағы адамдарға оқ жаудырған. Сан-Бередино қаласы Лос-Анджелестен 100 шақырым жерде орналасқан.