Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Калифорнияда ондаған адам түнгі клубта тірідей жанып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатындағы түнгі клубтардың бірінде ірі өрт болды.

Калифорнияда ондаған адам түнгі клубта тірідей жанып кетті

Құрбан болғандар туралы алғашқы ақпараттар келіп түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тілсіз жауды ауыздықтау бірнеше сағатқа созылды, деп хабарлайды newsru.com.

East Bay Times өңірлік басылымы құрбандар туралы алғашқы мәліметтерді жариялады: 9 адам мерт болды, тағы 13-і із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Кейінірек, KTVU телеарнасы 25 адамның іздестіріліп жатқаны туралы хабарлады.

Өрт жергілікті уақыт бойынша сенбіге қараған түні Оклендтің 31-інші авенюында түнгі клубтың қойма ғимаратында орын алды. Полицияның есебінше, оқиға кезінде ғимаратта 50-ден 100 адамға дейін болған. Онда орындаушы Golden Donna-ның концерті өтіп жатқан.

Оклендттің өрт сөндірушілерінің жұмысы туралы айтып отыратын бейресми твиттер-аккаунтта жазылғандай, жалын шатыр арқылы ішке ене бастағанда құтқарушы командалар ғимараттан дереу шығарылған. Округтің шерифі Аламед Джей Ди Нельсонның айтуынша, олар 40-қа жуық адамның денелерін қабылдауға әзірленіп жатыр. Оның бағалауынша, бұл 1989 жылы болған жер сілкінісінен кейінгі адам өлімі бойынша ең ірі оқиға. Ол кезде 63 адам көз жұмып, 3700-ден астамы зардап шеккен болатын.