Калифорнияда орман өртінен қаза тапқандар саны 10 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Малибуда өрттен қаза тапқан адам саны белгілі болды, деп хабарлайды ВВС.
Лос-Анджелес аймақтық медициналық сарапшысының жазуынша, бұл адамдардың сүйектері әлі сәйкестендіріліп, олардың отбасыларына хабарлау процесі жүріп жатыр.
- Сәйкестендіру бірнеше аптаға созылуы мүмкін, өйткені медициналық сараптама департаменті өрт пен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты барлық өлім жағдайларына жауап бере алмайды, - делінген хабарламада.
Бұл түнде алғашқы өлім жағдайы туралы Малибуда және Палисейдс аймағында хабарланды. Осыған дейін Лос-Анджелестегі орман өртінен бес адам қаза болғанын жаздық.
Байден Калифорнияда орман өртіне байланысты апатты жағдай жариялады.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты қазақстандық стипендиаттардың жағдайы туралы хабарлады.