18:28, 24 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Калифорнияда өрт салдарынан 1,9 мың үй жойылып, 3 мың адам баспанасыз қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорния штатының солтүстігіндегі ауқымды табиғи өрт салдарынан келтірілген шығын жүздеген миллион долларға бағаланып отыр. Нақты саны анықталу үстінде, деп хабарлады Би-би-си.
Калифорния губернаторы жанындағы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Марк Гилардуччидің хабарлауынша, 12 қыркүйекте басталған өрт Лейк, Напа және Сонома округтерінің 28,4 мың гектар аумағына тараған. 1,9 мың құрылыс, соның ішінде 1238 үй жойылып, 3 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. Оларға мектеп ғимараттары мен бос тұрған ғимараттардан уақытша пана ұсынылды.
АҚШ Президенті Барак Обаманың жарлығымен Калифорнияның солтүстігі дүлей апат аймағы болып жарияланды.