12:22, 26 Тамыз 2020 | GMT +5
Калифорнияда өртенген орман аумағы жарты миллион гектардан асты
ЛОС-АНДЖЕЛЕС. ҚазАқпарат – Калифорния аумағындағы 15 тамыздан бері өртенген аумақ 505,8 мың гектарға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап хабарлайды.
650-ден астам орман өртінің көпшілігі жай түсу салдарынан пайда болған. Голден-Стейтте 505,8 мың гектардан астам (1,25 миллион акр) жер өртенген. Бұл Нью-Йорк аумағынан алты есе көп.
Өрт салдарынан 7 адам мерт болды, 1400-ден астам ғимарат қираған.